ШҚО-да шұғыл желі іске қосылды

5 Қаңтар 2023, 18:34
1170
Бөлісу:
ШҚО-да шұғыл желі іске қосылды

Ауа-райының нашарлауына байланысты өңірде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтардың шұғыл хабарламаларын қабылдау үшін 55-38-19 нөмірі бойынша қауырт желі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Altaynews жазды.

Облыста уақытша жылыту үшін 10 пункт пен құтқарушылардың 700-ден астам техника дайындалған. Тұрғындарды ауа-райы жағдайының нашарлауы  туралы хабардар ету үшін СМС-хабарлама мен «Дармен» қосымшасы арқылы ақпарат таратылуда.

Өңірде қазір автожолдың 8 учаскесі жабық.

1.​ ​ ​ Предгорное - Шемонаиха – РФ шекарасы

2.​ ​Герасимовка а.-Семей қ.

3.​ ​ ​ Калбатау – К.Кайсенов

4.​ ​ ​Тарғын-Самар

5.​ ​ ​ Абай обл. шекарасы – Шемонаиха

6.​ ​ ​ Шемонаиха – Секисовка

7.​ ​ ​ Шемонаиха – Үлкен өзен​ ​

8.​ ​ ​Өскемен- Таулы Үлбі- Северное

ШҚО ТЖД азаматтардан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, елдімекеннен тыс шығудан бас тартуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы