Ауа-райының нашарлауына байланысты өңірде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азаматтардың шұғыл хабарламаларын қабылдау үшін 55-38-19 нөмірі бойынша қауырт желі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Altaynews жазды.
Облыста уақытша жылыту үшін 10 пункт пен құтқарушылардың 700-ден астам техника дайындалған. Тұрғындарды ауа-райы жағдайының нашарлауы туралы хабардар ету үшін СМС-хабарлама мен «Дармен» қосымшасы арқылы ақпарат таратылуда.
Өңірде қазір автожолдың 8 учаскесі жабық.
1. Предгорное - Шемонаиха – РФ шекарасы
2. Герасимовка а.-Семей қ.
3. Калбатау – К.Кайсенов
4. Тарғын-Самар
5. Абай обл. шекарасы – Шемонаиха
6. Шемонаиха – Секисовка
7. Шемонаиха – Үлкен өзен
8. Өскемен- Таулы Үлбі- Северное
ШҚО ТЖД азаматтардан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, елдімекеннен тыс шығудан бас тартуды сұрайды.