Науқастар жөніндегі статистика облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, өңірде жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмау жұқтырғандар көбейіп жатыр. Бұл туралы Altaynews жазды.
2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін ЖРВИ 111 020 тұрғынан анықталған. Науқастардың көпшілігі 14 жасқа толмаған балалар екенін айтуымыз керек.
«Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 2 380 науқас тұмауға қарсы тексеруден өтті және диагноз 85 адамда расталды. Соның ішінде 72 науқас В типті тұмау вирусын, 13 науқас шошқа тұмауының А вирусын (H1N1) жұқтырған», - деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Тұмау жұқтырғандардың үштен бірі 14 жасқа толмаған балалар.