ШҚО-да қызылшамен ауырғандардың дені ересектер

6 Ақпан 2024, 21:30
589
Бөлісу:
ШҚО-да қызылшамен ауырғандардың дені ересектер
Фото: BAQ.KZ -архив

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қызылшаның 113 зертханалық расталған жағдайы (2023 жылы 278 жағдай) тіркелген деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуынша, аймақта қызылшаның қарқынды көрсеткіш деңгейі – 15,5. Науқастардың көбі Өскемен қаласында тіркелген – 98 адам. Солардың ішінде ересектер – 50, балалар – 36.

Ал жалпы облыс бойынша науқастардың 49,5%-ы (56 адам) ересек адамдар болса, 14 жасқа дейінгі балалар – 37,2% (42 адам), жасөспірімдер – 13,3% (15 адам).

Өзгелердің жаңалығы