ШҚО-да құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды құтқарды

7 Тамыз 2023, 19:28
594
Бөлісу:
ШҚО-да құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды құтқарды

Өскемен қаласындағы "Восточник-3" саяжай бірлестігінің ауданындағы Ертіс өзенінің бір бөлігінде ер адамды ағын алысқа ағызып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына қайықпен жетті, деп жазды Altaynews.

Суға батқан ер адам бұталарды ұстап үлгерген. Құтқарушылар 1987 жылы туған ер адамды судан алып шыққаннан кейін құтқару стансасына жеткізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырған.

ШҚО ТЖД жабдықталмаған орында шомылуға болмайтынын, суға мас күйде түсуге болмайтынын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы