Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жартасқа шығып, түсе алмаған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Глубокое ауданында Ново-Үлбинка ауылының маңында 1991 жылы туған ер адам жартасқа көтеріліп, өздігінен түсе алмаған. Көмекке келген құтқарушылар оны жартастан түсіріп, арнайы костюм кигізіп су қоймасы арқылы өткізді. Содан кейін оны облыс орталығына жеткізді. Саяхатшыға медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.
Министрлік өкілдері төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.