Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 желтоқсанда сағат 4.20-да минутта республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 62 шақырымында (Алтай ауданының аумағы) қар көшкіні жүрді.
Көлемі 1170 текше метр болатын екі қар көшкіні жолды жауып қалды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен жол қызметкерлері жолды қардан тазартты, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, ТЖД және Қазселденқорғау ШҚО филиалы азаматтарды өңірдегі көшкін қаупі туралы алдын ала хабардар еткен.