Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да қандастарға бөлінетін квота мөлшері артты

13 Қаңтар 2023, 19:32
1208
Бөлісу:

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, биыл 8652 өңірлік квота бөлінген. Ол өткен жылмен салыстырғанда 566 адамға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтсақ, қандастар үшін: ШҚО бойынша – 239, СҚО бойынша – 138, Қостанай облысында – 150, Абай облысына – 196, Ақмола облысы үшін – 270, Павлодар облысы үшін – 932 адамды құрайы, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ал биыл қоныс аударушылар үшін: ШҚО бойынша - 305, Қарағанды облысында - 33, Ұлытау облысы үшін - 120, Абай облысна -  238, Қостанай облысы үшін - 530, СҚО бойынша - 2660 және Павлодар облысында -  2841 адамды құрайды.

Айта кетейік, барлығы 19 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандастар мәртебесін алған.

Өзгелердің жаңалығы