Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің сол жағалау ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің мамандары жазасын бостандықта өтеп жатқан азаматтарға азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі дәрі-дәрмектерді тегін таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пробациялық есепте тұрған адамдарға психологиялық жағынан қолдау көрсетіп, заңгерлік тұрғыдан көмек береміз. Ең бастысы, олар бұрынғы жасаған қателіктеріне бой алдырмай, қоғамға қайта бейімделуі керек, – деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің сол жағалау ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің майоры Азамат Кулубаев.
Аталмыш қайырымдылық шарасы осы департамент қызметкерлерінің жеке қаражаты есебінен ұйымдастырылды.