Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да пойыз екі әйелді қағып кетті: біреуі қаза тапты

22 Тамыз 2025, 12:52
1183
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Шығыс Қазақстан облысында пойыз екі әйелді қағып кетіп, оның біреуі қаза тапты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай 22 тамыз күні таңертең Коршунова – Өскемен-1 аралығында болған.

Пойыз машинисі теміржол бойында шыға келген екі әйелді байқап, жедел түрде тежегішті басқан, - деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.

Алайда апаттың алдын алу мүмкін болмаған. Олардың бірі алған жарақатынан қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

ҚТЖ қаза тапқан әйелдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және зардап шеккен адамның тез сауығып кетуін тілейді. Компания азаматтарды теміржол маңында жүру ережелерін қатаң сақтап, барынша мұқият әрі сақ болуға шақырады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды тұрғынын пойыз қағып кеткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы