Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да полицейлер жүк көлігін өрттен құтқарды

Кеше, 16:56
177
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Өскемен – Алматы республикалық автожолында полиция қызметкерлері жүк көлігінің тіркемесінен шыққан түтінді дер кезінде байқап, өрттің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Патрульдеу кезінде полицейлер қою түтінді көріп, жүргізушіні шұғыл тоқтатқан. Құқық қорғау қызметкерлері тұтанып келе жатқан отты дер кезінде өшіріп, оның өршіп кетуіне және ауыр зардаптарға жол бермеді.

Мен Өскемен – Үшарал бағытымен келе жатқанмын. Постта мені полицейлер тоқтатып, қауіпті жағдайдан сақтап қалды. Жедел әрекеті үшін алғыс айтамын, — деді жүргізуші.

Полиция департаменті құқық қорғау органдары күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол қозғалысына қатысушыларға төнуі мүмкін қауіптердің алдын алып келе жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы