Үй иесі пештің үстіне тамақ салынған табаны қойып, қатты ұйықтап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Polizia.kz-ке сілтеме жасап.
Демалыс күндері Алтай қаласының полиция қызметкері Олжас Серікқанов отбасымен қыдырып жүріп, көпқабатты көрші үйдің терезелерінің бірінен қалың түтін шыққанын байқаған.
Терезеге жақындап, торды ашып, пәтерде ұйықтап жатқан ер адамның бар екенін көріп, шығуға көмектескен.
Үй иесі пештің үстіне тамақ салынған табаны қойып, қатты ұйықтап кетіп, нәтижесінде түтін басталғаны белгілі болды. Олжас Серікқанов Алтай ауданы ПБ УҰИ бастығының орынбасары қызметін атқарады. Ішкі істер органдарында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.