"ОблШығысЖол" ЖШС мәліметіне сәйкес, 13 қаңтар сағат 10:00-ден бастап "Өскемен-Тарғын-Самар" облыстық маңызы бар автожолының 132-137 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай шектеу қар көшкіндерінің профилактикалық түсуіне байланысты енгізілді. Жолды тазалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары толық аяқталғаннан кейін қозғалыс қалпына келтіріледі.
Құзырлы органдар азаматтарды жағдайды ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады. Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласу ұсынылады.