ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды

23 Ақпан 2022, 15:43
1521
Бөлісу:
ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды. 

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шараны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин салтанатты түрде ашты. Іс-шара барысында министр Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне туды  табыс етті. 

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды

Бұл департамент пен министрліктің барлық ұжымы үшін тарихи оқиға. Барлық қатысушыларды құттықтаймын және Отан алдындағы өз парызымызды лайықты орындауға тілектеспін, - деп атап өтті Юрий Ильин.

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды

Чемпионат 3 күн өтеді, оған республиканың барлық аймақтарынан 19 команда қатысады. Қатысушылар мына спорт түрлерінен өзара  бақ сынайды: кедергілері бар 100 метрге жүгіру, оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу. Мұнда ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары жарысып, бақ сынайды.

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды

Өрт сөндіру-құтқару спорты өрт сөндірушілердің жауынгерлік әзірлігін арттыратын және өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын қолданбалы спорт түрі болып табылады. Баспалдақтың салмағы 8,5 келі, ұзындығы 4 метр. Бірнеше секунд ішінде спортшылар оқу мұнарасының төртінші қабатына көтеріледі, сондықтан жақсы нәтиже көрсету үшін жылдамдық, күш және икемділік қажет. Ең көрнекі нәтижелердің бірі 2021 жылдың жаз айында  Қарағанды қаласында өткен әлем чемпионатында тіркелді. Спортшы Николай Буторин баспалдақпен оқу мұнарасының терезесіне 13,3 секундта көтерілген болатын.    

 

Өзгелердің жаңалығы