Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласының 3-шағын ауданында көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт салдарынан пәтер ішіндегі жиһаз бен жеке заттар жанып, кіреберісті қою түтін басты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері түтінге толы аймақтан бес адамды құтқарды. Құтқару жұмыстарына оқиға орнында болған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де атсалысты.
Төтенше қызметтер жеткенге дейін 17 тұрғын кіреберістен өздігінен эвакуацияланған.
Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілді. Қазіргі таңда оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.