ШҚО-да мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

1 Наурыз 2023, 14:23
531
Бөлісу:
ШҚО-да мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды
Фото: egemen.kz

Тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» іс-шарасының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бес күн ішінде жол ережесі 3850 рет бұзылған. Бұл туралы Altaynews жазды.

Соның ішінде жаяу жүргіншілер 948 рет тәртіп бұзған. Мас күйде көлік жүргізу бойынша 38 факті тіркелді. 100 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, тағы 27 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

«Жүзден астам көлікті пайдалануға тыйым салынды. Соның ішінде 44 көлік арнайы тұраққа қойылды. 70-тен астам көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы