ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан шетелдік жігіт ұсталды

13 Шілде 2022, 19:55
1331
Бөлісу:
ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан шетелдік жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан шетелдік жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР ІІМ ЕҚҚКД үйлестіруімен аймаққа синтетикалық және психотроптық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

 Жедел тексеру шараларының нәтижесінде, есірткіні өткізу процесіне жастарды іздеу және тарту үшін елдің шығысына келген 26 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды.

Тінту барысында одан салмағы 500 грамнан асатын “альфа-PVP” психотропты зат тәркіленді. 

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қабылданған шаралармен 1 600-ден астам бір реттік доза синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. 

Осы баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.


 

Өзгелердің жаңалығы