ШҚО-да криминалитет өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұсталған күдікті мен облыс орталығының тұрғыны Өскемен қаласының кәсіпкерін бопсалаған.
Бұл операцияны ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізді. Алматы қаласының 57 жастағы тұрғыны өзінің қылмыстық ойын жүзеге асырмақ болып облыс орталығына келген. Кейіннен ол мақсатына жету үшін жергілікті тұрғынмен сөз байласқан. Сөйтіп жәбірленушіге және оның отбасына күш қолданамын деп қорқытып, оған тиесілі жер телімін өз пайдасына қайта ресімдеуге мәжбүрлеген.
Қазір күдіктілердің екеуі де ұсталды. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тиісті заңды құжаттар тәркіленді. Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.
Әрі қарайғы тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.