ШҚО-да екі адам көміртегі тотығымен уланды

25 Сәуір 2023, 14:17
868
Бөлісу:
ШҚО-да екі адам көміртегі тотығымен уланды
Фото: uralskweek.kz

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 сәуірде Ұлан ауданындағы Белая гора кентінде қатты отынмен жылытылатын пештің ақаулығы, атап айтқанда мұржаның уақтылы тазартылмауы себебінен 1984 жылы туған үй иесі мен оның 1980 жылы туған ағасы газдан уланып ауруханаға жатқызылды. 

ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тұрақты ескерту жұмыстарына қарамастан, тұрғындар үйлерінің қауіпсіздігі тек олардың жауапкершілігінде екенін түсінуі керек. Иелердің әрқайсысы өз мұржасын тазалап, тұрғын үйді өртке қарсы күйге келтірмейінше, жағдай шешілмейді, - делінген ақпаратта.

Құтқарушылар өз өмірін сақтау үшін мыналарды орындау қажет екенін ескертеді:

- Пешті 3 айда кемінде 1 рет тазалап отыру қажет.

- Жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз

- Қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды

- От жағуды ұйқыға жатардан бірнеше сағат бұрын аяқтауға тырысыңыз. Ысырманы жаппаңыз, улы газдан уланудан гөрі жылудың аздап жоғалғаны жақсырақ.

- Желдетуді тексеріңіз. Тарту күшінің болмауы көміртегі тотығымен улануға әкелуі мүмкін.

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Өзгелердің жаңалығы