Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да боранда жолда қалып қойған жолаушылар құтқарылды

17 Ақпан 2024, 09:15
824
Бөлісу:

ШҚО құтқарушылары боранда жолда қалып қойған жолаушыларға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 ақпан түнде Марқакөл ауданында адамдар жеңіл автокөлікпен жолға шығып, Қарашілік ауылының маңында қалың қарға тұрып қалған.

ШҚО ТЖД № 31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп, арнайы техникамен 11 адам, оның ішінде 7 баланы эвакуациялап, елді мекенге дейін алып келді.

Жергілікті атқарушы органдар жолды қардан тазалады.

Өзгелердің жаңалығы