ШҚО-да біртүрлі хабарлама алған зейнеткер 10 млн теңгесінен айырыла жаздады

Қарияны құқық қорғау органдары қызметкерлері құтқарған.

 pixabay.com Кеше 2026, 09:48
Кеше 2026, 09:48
194
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдары зейнеткердің 10 млн теңгесін жымқыру әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

YK-news.kz басылымының жазуынша, алаяқтық схемасы мессенджер арқылы әйел бұрын жұмыс істеген кәсіпорынның кадр қызметінен келгендей болып көрінген хабарламадан басталған. Кейін алаяқтарға өздерін заңгер ретінде таныстырған адамдар қосылған.

Күдікті қоңырауды «Қазақтелеком» операторы байқап, ақпаратты Ішкі істер министрлігіне жеткізген. Хабар ШҚО Полиция департаментіне түскен соң, қызметкерлер жедел түрде зейнеткердің үйіне барған. Полиция қызметкері банк шоттарына қолжетімділікті бұғаттап, әйелдің жинақ ақшасы сақталып қалды.

Ол әлгі адамдармен сөйлесті, бірнеше ауыз сөзден кейін олар байланысқа шығуын тоқтатты, – деді зейнеткер.

Наверх