Шығыс Қазақстанда 9 728 бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алима Ақылбек мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай екенін айтты.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 342 мектеп бар, 95 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл 9 728 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар саны – 200. Оның ішінде 85 ұйым – жекеменшік. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту – 100%, 2 жастан 6 жасқа дейін – 97,7% болады, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.
Спикердің сөзінше, биыл 40 мектеп жөнделді. Тағы 20 білім мекемесінде модификация кабинеті болады. Сондай-ақ жаңа оқу жылында бес жаңа мектеп (1370 орын) ашылады.