ШҚО-да балалар қауіпсіздігі назарға алынды

Бүгiн, 04:27
149
Бөлісу:
ШҚО-да балалар қауіпсіздігі назарға алынды
Фото: BAQ.KZ - архив

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев білім басқармасы мен ювеналдық полиция өкілдері, психологтар, ШҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, жиын барысында балаларды буллингтен қорғау жолдары талқыланып, оларды құрдастарымен кикілжіңнен аулақ болуға, әлеуметтік желідегі контентті сүзгіден өткізуге үйрету мәселелері көтерілді.

Аймақ басшысы атап өткендей, мектеп психологтарының жұмысын сараптап, өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі рөлін күшейту маңызды. Сондай-ақ ата-аналарға бала бойындағы өзгерістерді бірден байқап, көмекке жүгіну құралдарын әзірлеу қажет. Оқушыларға психологиялық қолдаудың қолжетімділігі туралы ақпарат беріп, олардың өмірге деген көзқарасын жақсартуға үлес қосқан жөн..

Сондай-ақ жиын барысында облыстағы жастардың түрлі салада жетістіктерге жетіп жатқаны туралы мысалдар келтірілді. Мұндай жоғары нәтижелер мектеп оқушыларына шабыт беріп, алға жылжуға жігерлендіреді. Мамандар балалар арасындағы келіспеушіліктердің шешімі бар екенін де атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы