ШҚО-да аймақтық ҚХА кеңесінің отырысы өтті

11 Сәуір 2025, 17:09
354
Бөлісу:
ШҚО-да аймақтық ҚХА кеңесінің отырысы өтті
Фото: gov.kz

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен аталған консультативтік-кеңесші органның құрылғанына 30 жыл толуына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО бойынша кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына Шығыс Қазақстан облысынан қатысатын делегация құрамының мәселелері, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі мерейтойлық іс-шаралар жоспары талқыланды. 

Облыс әкімі атап өткендей, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының бастамалары мен идеялары республика көлемінде қолдау табуда. Еске сала кеткен жөн, Өскеменде тұңғыш Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы құрылған болатын. Бұл тәжірбені басқа өңірлер де қабылдады.

ШҚО-да аймақтық ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Достық үйі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Ассамблея қатары жастармен толығып жатқаны және олардың мәдени, экологиялық және шығармашылық идеяларды таратудағы белсенділігі қуантады. Дәстүрлі тәсілдермен біріктірілген бұл шығармашылық оң нәтиже береді, - деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО-да аймақтық ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Өңір жетістіктерінің қатарында сол жағалау кешенінің інжу-маржанына айналып, облыстан тысқары жерлерге даңқы шыққан ашық аспан астындағы бірегей мұражай – этноауылды да атап өтуге болады.

Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық бастамалары мен жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес қолдау тауып, жүзеге асырылатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы