ШҚО-да аймақтық археологиялық бағдарлама өз жемісін беріп жатыр

19 Маусым 2022, 16:50
1616
Бөлісу:
ШҚО-да аймақтық археологиялық бағдарлама өз жемісін беріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2016 жылдан бастап ШҚО-да «Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» жүзеге асырылып жатыр, бұл туралы Аltaynews.kz хабарлады.

Бағдарлама шеңберінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 26 000 бірегей артефактілемен толықтырылды. Зерттеулер аймақ басшысы Даниал Ахметовтің және Қазақстанның жетекші археологтарының басшылығымен екі жоба бойынша жүргізіліп жатыр. Бірі - «Алтай-Тарбағатай қола дәуірінен ерте орта ғасырға дейін» (жетекшісі З. Самашев), екіншісі - «Шілікті даласы мен Тарбағатай тау бөктерлерінің ежелгі және орта ғасыр ескерткіштері» (жетекшісі Ә. Төлеубаев).

Тұтастай алғанда, бағдарлама өте ауқымды нәтижелер береді, ол еліміздің және шетелдің зиялы қауымы арасында жоғары бағаға ие болды. Бағдарламаны іске асыру шын мәнінде жемісті акция болды. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, Облыстың маңызды археологиялық ескерткіштерін қалпына келтіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді, - дейді археолог Зейнолла Самашев.

Зейнолла Самашевтың басшылығымен 2019-2022 жылдар аралығында жүргізіліп жатқан Ақбауыр үңгірінің жанындағы «Діни алаңдағы» ауқымды зерттеулер де көпті қызықтырды. Қазба жұмыстары барысында бұл алаң б. з. д. 11-9 ғғ. жататыны анықталды. Табылған олжалар бойынша, бұл аймақта мекендеген ертедегі сақтар отырықшы өмір салтын ұстанған, оларда егін, мал шаруашылығы, металлургия, қолөнер өндірісі дамығандығын дәлелдейді. Профессор Зейнолла Самашев Ақбауыр археологиялық кешенін байырғы қала деп атауға болады деп маңызды қорытынды жасады.

Сондай-ақ, соңғы екі жылда Катонқарағай ауданындағы Берел, Таутекелі, Жайдақ қорымында, Семей қаласындағы Көкентау елді мекенінде, Тарбағатай ауданындағы Елеке Сазы қорымында да қазба жұмыстары жалғасып жатыр.
 

Осы жылы көне түркі дәуіріндегі «Қаған» бірегей діни-мемориалдық кешенін қазу жұмыстары жалғасады. 2021 жылы «Қағаннан» табылған заттарының ішінде алтын тақта тәж киеген қағандардың суреттері бар екі алтын алқа сөзсіз қызығушылық тудырады. Біздің Республикамыздың жоғары оқу орындары мен колледждерінің 430-дан астам студенті бағдарлама шеңберінде археологиялық экспедицияларға қатыса отырып, баға жетпес тәжірибе жинады. Олар - Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ, Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Одан бөлек, 2019-2020 жылдары әртүрлі бейіндегі мамандар тобы З.Самашевтің басшылығымен Тарбағатай ауданының Елеке Сазы қорымындағы «Алтын адамның» жаңғыртпасы жасалды, сондай-ақ, «Ұржар ханшайымының» жаңғыртпасы сатып алынды.

Сонымен қатар, Катонқарағай ауданының Берел және Қарақоба қорымдарынан табылған әйелдердің салтанатты костюмдеріннің жаңғыртпасы орындалды.

Шығыс Қазақстан облысының бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау бойынша жұмыстар әлі жүріп жатыр. Көрменің алғашқы халықаралық көрсетілімі 2019 жылы Мәскеуде өтті. Ұлы Даланың ежелгі өнерінің жауһарлары қойылған көрмеге 6 760 адам қатысты.

Одан бөлек, 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Ұлыбританияның Кембридж университетінің Фицуильяма музейінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияға біздің ата-бабаларымыздың мәдени және технологиялық жетістіктерін сипаттайтын және ежелгі зергерлердің жоғары шеберлігін көрсететін 15 000-нан астам артефакт ұсынылды.

«Ұлы дала алтыны» көрмесі 2021 жылғы әлемнің үздік көрмелерінің бестігіне кірді (Apollo халықаралық беделді өнер журналының рейтингі бойынша). Ол Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мультимәдени алмасу тізбегінің бір буынына айналды.

Шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде «Ұлы дала алтыны» көрмесі туралы 200-ден астам жарияланым шықты.

Өзгелердің жаңалығы