Биылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – өзіне қол жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп мәлімдеді Шекара қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші өзіне қол жұмсаған еді.