ШҚО-да аңшылық маусымы ашық: қандай аң-құсты атуға болады?

10 Қыркүйек 2022, 11:30
1487
Бөлісу:
ШҚО-да аңшылық маусымы ашық: қандай аң-құсты атуға болады?

Шығыс Қазақстанда 27 тамызда күзгі аңшылық маусымы ашылған. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аулауға болатын аң-құстың тізімін мерзімімен қоса жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Инспекцияның деректеріне бойынша:

бөдене, көгершін – 27 тамыздан 30 қарашаға дейін;

қаз, қара қаз, үйрек, қасқалдақ – 27 тамыздан 30 қарашаға дейін;

шіл –3 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;

қара торғай – 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;

қоңыр аю – 3 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;

борсық – 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін;

қабан, күдіре – 3 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;

қоян (толай) – 1 қарашадан 31 қаңтарға дейін;

сібір елігі, сібір тау ешкісі, марал, бұланның аталықтары мен төлдері – 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;

гималай ұлары, кекілік – 1 қазаннан 15 желтоқсанға дейін;

құндызы – 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;

қырғауыл – 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін.

Өңірдегі рекше қорғалатын аумақтар – Марқакөл мен Батыс Алтай табиғи қорығында, Катонқарағай мен Тарбағатай ұлттық табиғи паркінде және «Семей орманы» орман резерватында аң аулауға тыйым салынатынын естеріңізге саламыз.

Өзгелердің жаңалығы