ШҚО-да 6000-ға жуық жүргізуші жол ережесін бұзған

21 Маусым 2022, 06:26
1391
Бөлісу:
ШҚО-да 6000-ға жуық жүргізуші жол ережесін бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс аумағында 16-19 маусым аралығында жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға және көшелер мен жолдарда құқықтық сана мен тәртіпті арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» облыстық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында 5 818 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде мас күйінде басқарғаны үшін 58 жүргізуші ұсталды.

115 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 65 автокөлік арнайы тұраққа қойылып, 50 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынған.

Апаттылық жағдай талдауына сәйкес жол-көлік оқиғаларының негізгі түрі жаяу жүргіншіні қағып кету болып табылады, мәселен жедел алдын алу іс-шарасы кезінде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзудың 400 фактісі және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 096 фактісі анықталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы