Шығыс Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан 21 жастағы бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы күдіктіні анықтап, жеке тінту барысында оның қол сөмкесінен 400 грамнан астам мефедрон тапты. Сараптама заттың синтетикалық есірткі екенін растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен есірткі заттарын көтерме тәсілмен тарататын курьер болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.