ШҚО-да 20 тонна астық салынған элеватор өртеніп жатыр

8 Наурыз 2024, 11:24
432
Бөлісу:
ШҚО-да 20 тонна астық салынған элеватор өртеніп жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ШҚО Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ мәліметінше, кептіргіште шамамен 20 тонна астық бар.

Өрттің алдын ала ауданы 250 шаршы метр. Жедел түрде ауданның күштері мен құралдары өрт орнына жөнелтілді.

ТЖД 50 адам мен 10-ға жуық техника және Васкен ЖШС 6 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт орнына қосымша өрт сөндіру пойызы шықты.

Өзгелердің жаңалығы