Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Күршім ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға 20 шілде күні Бурабай ауылының маңында болған.
2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Сол жерге келіп жеткен полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның толық мән-жайы содан кейін белгілі болады, - делінген ақпаратта.