Шығыс Қазақстан облысы уақыт белдеуін өзгертуді қайта қарастыруды жоспарламайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты.
Әкімнің айтуынша, облыс тұрғындары қазіргі уақыт бойынша 2 жылға жуық уақыт өмір сүріп келеді. Ал мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз қызметін осы уақытқа бейімдеген.
Біз жаңа уақыт бойынша шамамен 2 жыл өмір сүріп келеміз. Уақыт белдеуі мәселесі бірнеше рет мемлекеттік деңгейде қарастырылды, мамандар мен ғалымдардың талдау мен ұсыныстары ескерілді, – деді Сақтағанов.
Әкім қазір көптеген ұйымдар 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейтінін атады.
Барлығы осы күн тәртібіне әбден үйреніп кетті. Біздің облыс осы кесте бойынша әрі қарай өмір сүретін болады. Біз бұл мәселені қайта қарастыруды жоспарламаймыз, – деді ол.