ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

19 Қазан 2022, 19:18
1076
Бөлісу:
ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Құтқарушы - аса қадірлі әрі жауапты мамандықтардың бірі. Құтқарушылар күн-түн демей, ауа райына немесе басқа да қолайсыздықтарға қарамастан, кез-келген уақытта көмекке келуге дайын тұрады. Олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Бұл жай ғана мамандық емес, бұл - нағыз ерлік пен батылдықтың адамдары. Осы мереке күні барлық құтқарушыларға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Сіздерге шын жүректен төзімділік, зор денсаулық, бақыт, қиын және қауіпті жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! – деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы