Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО әкімдігіне “қонаққа” барған аю іздестірілуде

18 Тамыз 2025, 19:41
949
Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласында аю кездейсоқ қала әкімдігі маңайына барған. Оқиға әлеуметтік желілерде тез тарады. Видеода жыртқыш жануар әкімдік ғимаратына жақындаған сәт түсірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әкімдік өкілдері бұл жағдайға ресми түсініктеме беріп, аюдың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Қала әкімі Нұргүл Бақынованың айтуынша, екі апта бұрын Поперечка ауылы тұрғындарынан жақын маңда аю іздері табылғаны туралы хабар түскен. Әкімдік бұл хабарды ШҚО табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалану жөніндегі басқармаға жолдаған.

10–12 тамыз аралығында арнайы әрекет ету бригадасы қала аумағында тексеру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардан сұрастырған. Бірақ жануарды таппаған. 18 тамызда аю түнгі уақытта қала алаңында көрінгені тіркелген, - дейді әкім.

Осыған байланысты әкімдік қайтадан арнайы бригаданы шығарып, жануардың орналасқан жерін анықтау және қажетті шаралар қолдану жұмыстарын жалғастыруда.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ--тағы Флорида штатында аю адам мен итке шабуыл жасап, екеуін де өлтіргенін хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы