Аю адам мен итке шабуыл жасап, екеуін де өлтірді

6 Мамыр 2025, 12:48
16736
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Аю шабуылынан 88 жастағы ер адам мен иті өлді, деп хабарлайды BAQ.KZ independent-ке сілтеме жасап. 

 Дүйсенбі күні таңертең Флорида штатындағы Эверглейдс аймағында аюдың шабуылынан 88 жастағы ер адам мен оның иті өлді. Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы 7 шамасында Джерома елді мекенінің маңында болған. 

Флорида балық және жабайы табиғат комиссиясының мәліметі бойынша, оқиға орнынан 88 жастағы Роберт Маркелдің өлі денесі табылды. Сонымен қатар, оның иті де аюдың шабуылынан аман қалмады. Иттің өлексесі де оқиға орнынан табылған.

Егер олардың өлімі аю шабуылынан екені расталса, бұл Флорида тарихындағы аю шабуылының салдарынан болған өлім ретінде бірінші рет тіркелетін көрінеді. 

Бұған дейін қаңтар айында аю адамға шабуыл жасап, ол кезде аюдан зардап шеккен адам тірі қалған.   Комиссия өкілдері "аю шабуылы" болғанын растап отыр.

Біз оның аю шабуылы екенін білеміз. Бірақ бұл қаңтарда басқа адамға шабуылдаған аю ма, әлде бірнеше аюдың шабуылы ма, сол жағы белгісіз, – дейді Флорида балық және жабайы табиғат комиссиясының өкілі Хорхе Рейнауд.

Қазіргі уақытта осы жағдайға қатысты тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы