Шпекбаев Қостанайда жол сапасын тексерді

5 Қараша 2020, 20:47
1336
Бөлісу:
Шпекбаев Қостанайда жол сапасын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әр өңір инфрақұрылымының маңызды элементтерінің бірі, сондай-ақ азаматтардың жергілікті билік орындарының жұмыс деңгейіне қанағаттануының индикаторы – сапалы жолдар.

Сапар аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Қостанай-Қарабұтақ» автожолын қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» арнайы зертханасымен бірлесіп мониторингке қоғам, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жоба бойынша 112 км жаңа төсем салу көзделген. «Қазавтожол» АҚ өкілдігінің айтуынша, аталған жолды қайта жөндеуге 7,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Сарапшылар зертхана іріктеп алған материалдарды талдап, бағалайды. Жобаны аяқтау мерзімі – 2021 жылдың қыркүйегі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жанындағы «Адалдық Алаңы – Сапалы Жол» жобасы аясында қоғам белсенділерімен бірлесіп жол құрылысына 40-тан астам мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша шала жасалған олқылықтар мен бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар енгізілді. Осылайша, қол жеткізілген алдын алу әсері 136 млн теңгеге тең.

Атап айтқанда, 2 қарашада бақылаушылар тобы республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург-Алматы» жолының 635-685 км қашықтықтағы орташа жөндеу жұмыстарын тексеріп, анықталған сәйкессіздіктерге байланысты мердігер ұйымның жұмыстарын қабылдаудан бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы