Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінге дейін эксплуатациялық компания эстакаданы қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті жөндеу жұмыстарын аяқтаған. Топсалы-анкерлі бекіткіштер орнатылып, деформациялық жіктер жөндеуден өтті.
Айта кетейік, биыл 14-қазанда «Нұр-Сұлтан-Шортаңды» ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығы (Шортаңды ауылы) бойынша көлік құралдарының барлық түріне қозғалыс уақытша шектелген болатын.
Көпірдегі аралық салмақтарының теңгерімсіздігі нәтижесінде деформациялық жік тіреуіштерден ажырап қалған. Бұдан аралық құрылымның консоль бөлігі жоғарыға көтеріліп, ақау пайда болған.
Айта кету керек, аталған өтпежол 12 жылдан астам уақыт бойы эксплуатациялануда. Оның ұзындығы 70 метрді құрайды. Қазір «Нұр-Сұлтан-Шортаңды» ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығы(Шортаңды ауылы) бойынша көлік құралдары үшін қауіпсіз әрі үздіксіз жүріс қамтамасыз етілген.