Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Қытайдағы ірі турнирге қатысады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшелері Қытайда өтетін Shanghai Trophy&nbsp; ірі халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.&nbsp;</h4>

 2 Қазан 2019 2019, 04:32
2 Қазан 2019 2019, 04:32
1608

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшелері Қытайда өтетін Shanghai Trophy  ірі халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Шанхайдағы турнир 3-5 қазан аралығында өтеді. Аталған сынға Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысады. 

Атап айтар болсақ, Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев және Еркебұлан Шамұханов жүлдеге таласады. 


Наверх