Шорт-трек: Үш қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Бүгiн, 07:18
169
Бөлісу:
Шорт-трек: Үш қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Фото: olympic.kz/Сабиров Сали

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында шорт-тректен жарыстар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықта Қазақстан құрамасының үш спортшысы жартылай финалға жолдама алды.

Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова және Ольга Тихонова ширек финалдық кезеңді сәтті аяқтап, келесі кезеңге өтті.

Жартылай финал мен финалдық бәсекелер 8 ақпанда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы