Шоранов ДДҰ өкілімен кездесті

9 Қыркүйек 2021, 21:05
5206
Бөлісу:
Шоранов ДДҰ өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілі Д-р Каролин Кларинвальмен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында ынтымақтастық туралы келісімнің негізгі сәттері, COVID-19-ға дайындық және ден қою жөніндегі шараларды қоса алғанда, ДДҰ-мен ынтымақтастық шеңберіндегі жетістіктер, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін нығайту саласындағы іс-шаралар талқыланды. Бұдан басқа, 2022-2023 жылдарға арналған өзара басты бағыттары айқындалды.

Кездесу барысында М.Шаронов ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық ЕӨБ арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған екі жылдық келісімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Келісім үш бағытта - "тағы бір миллиард адамды денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету", "денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар кезінде тағы бір миллиард адамды сенімді қорғауды қамтамасыз ету" және "тағы бір миллиард адамның денсаулығы мен әл-ауқатының деңгейін арттыру"бойынша іске асырылуда.

Бірінші вице-министр ДДСҰ-ға Қазақстанға түрлі бағыттар бойынша, соның ішінде COVID-19-ға қарсы күрес бойынша техникалық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

ДДҰ коронавирустық пандемиямен күресуде жүйелі түрде техникалық және сараптамалық қолдау көрсетеді. 2020 жылғы наурыздан бастап ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі ҚР ДСМ қолдауымен еліміздің 1600-ден астам медицина қызметкерлерінің қатысуымен 20 вебинар ұйымдастырды. Сондай-ақ, COVID-19 тестілеу бойынша зертханалық қызметкерлерге техникалық көмек көрсету үшін ҚР-дағы д - р Марко Марклевитс пен д-р Джоанна Зветьенг ДДҰ зертханалық мәселелер бойынша сарапшыларының миссиялары ұйымдастырылды, - деді М.Шоранов.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр доктор Кэролайн Кларинвальға ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат беріп, оның басымдықтары мен негізгі көрсеткіштері туралы айтты.

Кездесу соңында денсаулық сақтау жүйесіндегі әлемдегі ағымдағы жағдайды ескере отырып, бірінші вице-министр практикалық денсаулық сақтаудың заманауи тәсілдері мен ғылыми-дәлелді практикаларды ескере отырып, іс-шараларды 2022-2023 жылдарға арналған екі жылдық келісімге қосуды ұсынды және қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы