Шонжыда қираған сауықтыру кешенінің алдын ала себептері белгілі болды

12 Қазан 2020, 13:48
1398
Бөлісу:
Шонжыда қираған сауықтыру кешенінің алдын ала себептері белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары іссапармен жіберілді.

Мамандар Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы құлаған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жедел тексеруді аяқтады. Оның нәтижелері бойынша апат «9» және «10» осьтері бойынша фермаларда басталғаны анықталды. Апат жайластырылатын цемент-құм тұтастырғының белгіленген жобалық мәндерінен асып кеткен жүктемелерінен туындаған. Бұл ретте жартылай фермалардың жоғарғы және төменгі белдіктерінің қосылыстарының монтаждық түйіндері жобадан ауытқу болып саналатын әр түрлі көлемдегі алты бұрандамамен орындалған.

Тік жүктемелер кезінде фермалардың монтаждық түйіндері тарала бастады, бұл бір бұрандаманың бұзылуына және көлденең жүктемелердің фермалардан бағандарға берілуіне және 3-блок конструкцияларының біртіндеп құлауына әкелді. Осылайша, 3-блоктағы апаттың себептерінің бірі бекітілген жобалау шешімдерінен ауытқу деп санауға болады, - делінген ақпаратта.

Комитет Алматы облысының әкімдігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылуына жол берген тұлғаларды (мердігер, техникалық және авторлық қадағалау) жауапкершілікке тарту туралы тиісті хат жолдады.

Сонымен қатар, жобалау құжаттамасында бағандармен қосылу түйіндері келтірілмеген және фермалардың тірек тағандарының құрылымы сипатталмаған, 2-блокқа жанасатын жерде 3-блок жабынының деңгейінде деформациялық жіктерді орнату бойынша шешімдер келтірілмеген. Осыған байланысты жобалық қателер жоққа шығарылмайды, - дейді мамандар.

Апаттың себептері туралы түпкілікті тұжырымдар блоктың тірек конструкцияларының элементтерінен іріктеп алынған үлгілерді есептеу және зертханалық сынау нәтижелері негізінде жасалады.

Шонжы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің үшінші блогының (спортзалының) жұмсақ жабынын орнату жұмыстары кезінде металл конструкцияларының құлауы 21 қыркүйек күні сағат 11.00-де болды. Құлаған блоктың ауданы 1058,4 шаршы метрді құрады. Ғимараттың бірінші және екінші блоктарына әсер еткен жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 


Өзгелердің жаңалығы