Шөмішбай Сариевтің шығармалары ұйғыр тілінде жарыққа шықты

14 Сәуір 2023, 19:00
1831
Бөлісу:
Шөмішбай Сариевтің шығармалары ұйғыр тілінде жарыққа шықты
PHOTO
Фото: Ұйғыр музыкалық комедия театры

Алматы қаласында Ұйғыр музыкалық комедия театрында Шөмішбай Сариевтің ұйғыр тіліне аударылған «Дуняни ашик көздә қаратсам...» атты кітабінің тұсау кесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, Шөмішбай Сариевтің жары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысты.

Шөмішбай Сариевтің шығармалары ұйғыр тілінде жарыққа шықты

Сазгер, ақын, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы ретінде танылған ақын 500-ге жуық әнге сөз жазып, халықтың көңілінен шығатын көптеген әндерді сахна төріне қалықтатқан.

Шөмішбай ағамыздың кітабін ұйғыр тілінде аударып қана қоймай екі елдің рухани сабақтастығының артуына себеп болды. Ағамыз өмірден өтседе де, қалдырған мұрасы еліміздің әдебиетіне, ән өнеріне де, халық жадында мәңгі сақталады. Ағамыз жайлы айтылар сөз көп. Кеңес Дүйсекеевпен жазған «Қарағым-ай» әні елімізді әлемге танытып, барша халық қосылып шырқайтын әнге айналды. Ағамыздың қалдырған мұрасын насихаттау баршамызға парыз. Ұйғыр театрының бастамасына алғысымызды білдіреміз. Мен өзім Шөмішбай Сариевтің батасын алған баланың бірімін. Студенттік шағымызда, өнерімізге сәттілік тілеп. Өзінің ақ тілегін арнаған еді. Қазақта «Бетегеден биік, жусаннан аласа» деген сөз бар. Ағамыздың мейірбандылығы мен жанашырлығы баршамызға өнеге еді, – дейді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Шөмішбай Сариевтің шығармалары ұйғыр тілінде жарыққа шықты

Роза Рымбаева ақынның сөзіне жазылған «Айналдым сенен атамекен-ай» әні бағын ашып, абыройын асқақтатқанын атап өтті.

Мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған әндердіі ең көп орындаған жанмын. «Домбыра туралы баллада» деген ән дүниеге келгенде осындайда ән болады екен, таңдай қақты. Ал Айналдым сенен атамекен-ай» әні кезінде алсытан жүрген бауырларымыздың жүрегі елжіретті. Осынау әннің арқасында шет елдерге шықтық. Қандастарымызда осы әнді өздеріне ұран етті. Шөмішбай Сариев – ХХ және ХХІ-ғасырдағы қазақ поэзиясын жоғары көтерген тұлғалардың бірі. Болмысы бөлек болатын. Ақынның қаламынан туған өлеңдері халық жадында мәңгі сақталады, – деді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева.

Шөмішбай Сариевтің шығармалары ұйғыр тілінде жарыққа шықты

Кездесу соңында ақынның жары Жұмағұл Сариева кешті ұйымдастырғаны үшін Ұйғыр музыкалық комедия театрына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде аталмыш кітап екі елдің достығын нығайтып, руханиятын көркейтуге үлес қосатынын атап өтті.

Шара аясында Шөмішбай Нағашыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы