Шолпан Каринова – «AMANAT» партиясының хатшысы

21 Тамыз 2023, 22:02
777
Бөлісу:
Шолпан Каринова – «AMANAT» партиясының хатшысы
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Бүгін партия Төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен Шолпан Каринова «AMANAT» партиясының хатшысы болып тағайындалды.

«AMANAT» әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуын кеңейту бағытында жүйелі жұмыс істеп жатыр. Бұл – партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтардың бірі. Биыл ақпандағы «AMANAT» әйелдер форумында айтылған бастаманың жалғасы ретінде партия хатшысы лауазымына Шолпан Каринова тағайындалды.

Шолпан Каринова 1972 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының түлегі. 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалімі болып бастады.

Әр жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметпен айналысты.

1998-2003 жылдары мектептерде және Көкшетау медициналық колледжінде педагогикалық қызметпен айналысты.

2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы №5 орта мектептің директоры болды.

Жергілікті атқарушы органдарда мол жұмыс тәжірибесі бар.

2005-2012 жылдары Тайынша ауданында білім бөлімінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдары Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары болды.

2013-2017 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.

Шолпан Каринованың орталық мемлекеттік органдарда да жұмыс тәжірибесі бар.

2017-2018 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2019-2022 жылдары – ҚР Білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы