ШҚО тұрғынынан заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян табылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Алматы – Өскемен» тасжолында тоқтатылған көліктен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаянды тапты.</h4>

 22 Қыркүйек 2021 2021, 23:50
22 Қыркүйек 2021 2021, 23:50
3434

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Алматы – Өскемен» тасжолында тоқтатылған көліктен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаянды тапты.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Ерзат Нұрдыбаев, Айдын Советханов және Әсет Қизатов «Алматы – Өскемен» тасжолының 25 шақырымында Mitsubishi автокөлігін тоқтатқан. Көлікті ті 45 жастағы ер адам басқарған.

Тексеру барысында салоннан жалпы салмағы 66 келіні құрайтын 5 қап шаян табылды. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген материалдық залал мөлшері – 230 мың теңгені құрайды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Наверх