Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері Бородулиха ауданында Новошульба орман қоры аумағында 4 адам адасып кеткен.
Алтайньюстің мәліметіне қарағанда, жас жігіт туыстарымен бірге саңырауқұлақ жинап жүріп, олардан ұзап кеткен. Артынша туыстарынан адасып қалған көрінеді. Туысқандары алдымен жас жігітті өз беттерінше іздеген, алайда еш нәтиже шықпаған. Сондықтан олар орманшыларға және "112" құтқару қызметіне жүгінуге мәжбүр болған. Нәтижесінде саңырауқұлақ теруші ер адамды орман шаруашылығының қызметкерлері іздеп тапты.
Осыған ұқсас тағы бір жағдай тіркелді. Атап айтқандай, әйел адам орманда саңырауқұлақ теріп жүріп, жоғалып кетті. Оны іздеу үшін дереу ШҚО ТЖД және Успен орманшылығының қызметкерлерінен мобильді топт құрылды. Әйел адам өзі адасып кеткендіктен жүрген жеріне белгілер қалдырып отырған. Соның нәтижесінде іщдеу жұмыстары сәтті аяқталды.
Әйел адам табыла салсымен жоғалған адам туралы тағы бір хабар келіп түсті. Екі ер адам Новошульба аймағына саңырауқұлақ жинауға келіп, екеуі екі жаққа кеткен. Іздеу тобы жоғалған азаматтар туралы үшін қатты алаңдады. Өйткені ер адамдардың бірі зейнет жасында болатын. Абырой болғанда, кешке қарай азамат табылды.
Бородулиха ауданының құтқарушылары қонақтар мен тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, - деп хабарлайды Бородулиха ауданының ТЖБ.
Бұған дейін де ШҚО-дажоғалып табылған зейнеткер жайлы жазғанбыз.