ШҚО-дағы өрт сөндірушілерге үстемақы төленуі мүмкін

21 Мамыр 2021, 13:08
2467
Бөлісу:
ШҚО-дағы өрт сөндірушілерге үстемақы төленуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Кеше менің бұйрығым бойынша өрт сөндіруге белсенді қатысқан волонтерларға үстемақы төленді. 14 адам біздің қызметкерлерге көмектесті. Ертең Риддердегі өрт бойынша жедел кеңес өткіземіз. Егер де департамент басшылығы жеке құрамға үстемақы беру туралы шешім қабылдаса, біз оларға төлейміз, - деді министр.

Оның айтуынша, жыл сайын ТЖМ елеулі күштері табиғи өрттерді сөндіруге жұмылдырылады.

Өткен аптада Риддер қаласында ірі табиғи өрт болды. Тілсіз жау Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй секторына ауысуына байланысты өрттің жалпы ауданы 287,4 гектарды құрады. 30-дан астам тұрғын үй (31), 200-ден астам шаруашылық құрылыстары (249), 6 автомобиль зардап шекті. Бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды. Әкімдік зардап шеккендердің материалдық залалын анықтау жұмыстарын жүргізуде, - деді министр.

Юрий Ильин өрттің ықтимал себептерін зерттеу жүргізілгенін айтты.

Риддер орман шаруашылығы аумағында (13 квартал) барбекюдің металл құрылымдары, алкогольден жасалған шыны бөтелкелер (2 дана), сондай-ақ жиналған отын табылғаны анықталды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы