ШҚО-дағы массаж салоны интимдік қызмет көрсеткен

29 Наурыз 2021, 13:55
2019
Бөлісу:
ШҚО-дағы массаж салоны интимдік қызмет көрсеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста массаж салондарының бірі жеңгетайлық қызмет көрсеткен, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан массаж салондарының бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады. Бұл массаж салонында қыздар клиенттерге қосымша ақы үшін интимдік қызметтер көрсеткен, атап айтқанда, body массаж жасаған.

Криминалдық полицияның жедел уәкілдері Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады, ол осы массаж салонының директоры ретінде, белгілі бір жағдай жасай отырып, ақшалай сыйақы үшін жезөкшелік қызметін ұйымдастырған, - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы