ШҚО-да заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды

9 Сәуір 2021, 05:35
1824
Бөлісу:
ШҚО-да заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Көкпекті аудандық полиция бөліміне Зайсан көлінің жағасында орналасқан Тассай ауылының тұрғындары заңсыз балық аулайтыны туралы жедел ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды altaynews.kz.

Полицейлер Тассай ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан «Қарақас» учаскесінен 34 жастағы ер адамды қолға түсірді. Тексеру барысында оның «ВАЗ» автокөлігінен балық аулау құралдары мен 150 келіден астам заңсыз ауланған балық табылып, тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодекстің 335-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мен мемлекеттік органдар бірлесе отырып табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтап, 5 тонна балық тәркіледі, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Сонымен қатар ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгінгі күні заңсыз балық аулаудың 7 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 230-дан астам балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын мөлшері 14 млн теңгеден асып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, браконьерлерден тәркіленген балық арнайы балық қабылдау пунктіне тапсырылады. Ал алынған табыс мемлекет қазынасына аударылмақ.


Өзгелердің жаңалығы