Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да шектеу шараларын сақтау бойынша рейд жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс.
9 маусым күні мониторингтік топтар Өскемен қаласындағы 166 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізіп, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаған 4 жағдай тіркелді.
Ал Семей қаласында 245 нысан рейдтік іс-шарамен қамтылып, шектеу шараларын бұзудың 8 фактісін анықтады. Сондай-ақ жалпы соммасы 87 510 теңге көлемінде екі хаттама жасалды.