Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Алтайньюс.
28 мамырда мониторингтік топ Риддер қаласында 5 рейд өткізіліп, 72 нысан тексерілді. Нәтижесінде құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұған дейінгі рейдтерден қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 43 755 теңге сомасына 1 айыппұл салды.
Курчатовта 29 нысан тексеріліп, шектеу шараларын бұзғандар анықталған жоқ.
Зайсан ауданында 11 рейд жүргізіліп, оның барысында кәсіпкерлік қызметтің 92 объектісі тексерілді. Құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.